"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектебімізде «Жазғы мектеп 2024» ұйымдастырылады:
📚Жазғы мектепте оқыту 2023-2024 оқу жылының 4-тоқсанында оқу процесін тоқтата тұру салдарынан көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде, қаладағы су тасқыны жағдайына байланысты халықты мәжбүрлі эвакуациялау салдарынан, сондай-ақ қыс мезгілінде қатты аязға байланысты сабақтар тоқтатылған өңірлерде ұсынылатын болады.
📆Жазғы мектеп 2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында және ағымдағы жылғы 26-30 тамыз аралығында жұмыс істейтін болады. Жазғы мектепте сабаққа қатысу өтініштер негізінде ата-аналармен / заңды өкілдермен келісу кезінде бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8, 10 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.
🧮Жазғы мектепте оқу білім алушылар үшін тегін өткізіледі.
📊Жазғы мектепте білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды.
📑Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
📜Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
🌡️Климаттық жағдайларды ескере отырып, бастауыш сыныптарда сабақтар 30 минуттан, 5-10 сыныптарда 40 минутқа дейін өткізіледі. Күніне 5 сабақтан артық емес.

“Балдаурен” жазғы алаңы
Мақсаты: балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, уақытын қызықты өткізу.
“Балдаурен” жазғы алаңы 1 ауысым 03.06 — 14.06.2024 жыл аралығында жұмыс жасайды.
Оқушылармен бірге музейлерге, табиғатқа саяхат жасап және т.б. түрлі қызықты әрі көңілді шаралар мен ойындар ұйымдастырылады.