"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!

Сіздерді биылғы оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы айтулы оқиғаны алғаш рет «Білімім – Отаныма» тақырыбында жаңа бірыңғай форматта атап өтеміз.

Бұл – бір жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, мұғалімдерге, мектеп ұжымына, ата-аналарыңызға алғыс айтуға болатын таптырмас себеп. Өйткені, сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі!

Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда Сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер.

Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 – алтын, 95 – күміс, 128 – қола медаль бар.

Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін!

Құрметті педагогтер!

Биылғы көктем әсіресе батыс және солтүстік өңірлердегі әріптестерімізге ауыртпашылық ала келді. 26 мыңнан астам білім беру қызметкерлері су тасқынына қарсы күресте алдыңғы қатарда болды. Қиындықтарға мойынсұнбай, балаларымызды оқытуды жалғастырдыңыздар, мектептерді құтқарып, мұқтаж жандарға қолдау көрсеттіңіздер және ағартушылық миссияны адал атқардыңыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен ұстаздық кәсіпке адалдықтарыңыз үшін ең шынайы ризашылығымды білдіремін!

Құрметті түлектер!

Сіздер өмірдің жаңа, жауапты кезеңіне аяқ басқалы тұрсыздар және бұл сіздер үшін ғана емес, бәріміз үшін – ата-аналар, мұғалімдер, тәлімгерлер үшін де жан тебірентер сәт.

Биыл 186 мың мектеп түлегі аттестат алса, 150 мыңнан астам колледж бітіруші диплом иеленіп, толыққанды маман болады.

Осы жас буын мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық мүмкіндікті пайдаланып, еліміздің өсіп-өркендеуіне барынша атсалысады деп сенемін!

Сіздерге ақ жол тілеймін!

Сапалы білім

Сапалы, білікті ұстаздармен қамтамасыз етілген орта мектеп.

Мектебіміздің миссиясы «Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңғырту шеңберінде жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, сапалы білім беру қызметін іске асыру.

Сауатты ұйымдастырылған оқу процессі​

Сапалы, білікті ұстаздармен қамтамасыз етілген орта мектеп​

Сапалы білім

Сапалы, білікті ұстаздармен қамтамасыз етілген орта мектеп

Іс-шаралар күнтізбесі

Басшы блогы

Подробная информация о мероприятии

Есенова Гульмира Абдигалиевна

Директорға

сұрақ қою

Президенттің жолдауы

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы

ҚР Мемлекеттік Гимні

ҚР Мемлекеттік Туы

Мектеп сапасы

0
Ұстаз
0
Оқушы
0
Сынып

Инстаграм парақшаға өту https://www.instagram.com/algamektepgimnaziya/

Жаңалықтар

Жұмыс орнымыз