"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алға мектеп – гимназиясы Ақтөбе облысы, Алға қаласы Байтұрсынов көшесінде 2018 жылы  бой көтерді. Алға мектеп – гимназиясында 727 оқушы білім алуда, мектеп ұжымында 75 педагог сапалы жұмыс атқаруда. Оның ішінде 20 педагог-зерттеуші, 23 педагог-сарапшы, 10 педагог-модератор санатындағы мұғалімдер. Мектеп типтік 3 – қабаттан тұратын мекемеде орналасқан. Мектепте жалпы 35 оқу кабинеті бар. Барлық бөлмелер заманауи жиҺаздармен жабықталған. Оның ішінде жаңа модификациялық кабинеттер: физика кабинеті – 1, химия кабинеті – 2, биология кабинеті- 1, мультимедия кабинеті – 6, информатика кабинеті – 4. Мектеп-гимназия 11 интерактивті тақтамен  және жоғарғы жылдамдықты интернет – оптима желісіне қосылған, 246 компьютермен  жабдықталған. ІТ кабинетімен робототехника кабинеті бар. Мектеп – гимназия радио бөлмесімен және хабар тарату жүйесімен жабдықталған. Мектепте баланың оқуына және тұлғаның шығармашылық дамуына мүмкіндіктер жасалған. Оның құрамында: спорт зал саны – 2, бастауыш класс және орта буынға арналған спорт зал ауданы 288 м.ш дәрігерлік пункт, кітапхана, асхана – 120 орынға есептелген, акт зал ( 160 орындық), ғимарат ауласындағы спорт алаңы;

Волейбол, баскетбол алаңы – 448 м.ш

Ұзындыққа секіру алаңы – 91,25 м.ш

Жүгіру алаңы – 1135

Гимнастика алаңы – 640 м.ш

АӘД алаңы, футбол алаңы – 2400 м.ш

               Алға мектеп – гимназиясына кіргендердің көбі  ең алдымен білім ұясындағы ерекше көріністерге көзі түседі.

  2022 жылдың 15 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығына орай  мектебіміздің мұражайының салтанатты түрде ашылуы өткізілді.  Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқарады. Бұл мұражайға ұмыт болып бара жатырған ұлттық бұйымдарымыз және мектебіміз ашылғалы бері осы күнге дейінгі ұстаздардың және оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі жеткен жетістіктері сақталатын болады. Атап айтсақ: Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде 15 оқушымыз жүлделі орындарды иеленсе, олимпиаданың облыстық кезеңінде 3 оқушымыз жүлделі 1, 2, 3 орындарға ие болды, ал 11 г сынып оқушысы Атағулла Нұрсултан Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінің 1 орын, республикалық кезеңінің 2 орын иегері атанды. 11 сынып оқушысы Базарбаев Қосдаулет Республикалық Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазы.  «Зерде» ғылыми жобасының облыстық байқауында 3 д сынып оқушысы Мәлік Алина гран при иеленіп республикалық байқауға жолдама алды. Бұдан бөлек оқушыларымыз көптеген аудандық, облыстық, республикалық байқауларда, сайыстарда өз білімдерін дәлелдеп мектеп абыройын асқақтатып жоғары дәрежелі дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды. Ерекше атап өтер жетістіктеріміздің қатарында мектебіміздің 11 сынып оқушылары Шаудырбаев Мейрамәлі математика бағыты бойынша, Арманбекова Меруерт шығармашылық бағыт бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің гранттарын жеңіп алды.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы-оқушыны шығармашылыққа жетелеп, өздігінен білім алуға тәрбиелеу. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.