Мектеп типтік 3-қабаттан тұратын мекемеде орналасқан. Мектепте жалпы 35 оқу кабинеті бар. Барлық бөлмелер заманауи жиһаздармен жабдықталған. Оның ішінде жаңа модификациялық кабинеттер: физика кабинеті - 1, химия кабинеті - 2, биология кабинеті - 1, мультимедия кабинеті - 6, информатика кабинеті - 4. Мектеп-гимназия 11 интерактивті тақтамен және жоғары жылдамдықты интернет-оптима желісіне қосылған, 246 компьютермен жабдықталған. IT- кабинетімен робототехника кабинеті бар. Мектеп-гимназия радио бөлмесімен және хабар тарату жүйесімен жабдықталған. Мектепте баланың оқуына және жеке тұлғаның шығармашылық дамуына мүмкіндіктер жасалған. Оның құрамында: спорт зал саны - 2,бастауыш класс және орта буынға арналған спорт зал ауданы 288 м.ш. дәрігерлік пункт, кітапхана, асхана – 120 орынға есептелген, акт зал (160 орындық), ғимарат ауласындағы спорт алаңы;
- Волейбол,баскетбол алаңы – 448 м.ш
- Ұзындыққа секіру алаңы – 91,25 м.ш
- Жүгіру алаңы – 1135 м
- Гимнастика алаңы – 640 м.ш
- АӘД алаңы – бар
- Футбол алаңы – 2400 м.ш